384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинаның жекешелендіру туралы заңына өзгерістер енгізілді

  • 535
  • UPD: 12:33, 16.10.2018

Жекешелендіру қазір Украинада қарқын алуда. Мемлекет «Жекешелендіру туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізді.

Бұл реформа үлкен үш мақсатты көздейді. Ең алдымен Украина осы арқылы жемқорлықпен күресті күшейтпек, екіншіден, мемлекет меншігіндегі нысандарды жеке бизнес өкілдеріне сату, үшіншісі – Украина шет елдің ірі  инвесторларын тартқысы келеді. Жаңартылған «жекешелендіру» Заңы қоғам мен қазынаға тиімді ме? 

Өзгерту мен толықтырулар енген Украинаның «Жекешелендіру» туралы жаңа заңында сатылымға қойылған нысандар екі топқа бөлінеді, ірі әрі ұсақ екені нақтыланып. Өздері кіші және үлкен деп жіктейді. Укринада қазір кіші жекешелендірудің дәурені жүріп тұр. Ел аумағы бойынша не бәрі екі айда 150 нысан осы заң аясында сатылып үлгерген. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 1000 нысанға дейін жеткізу жоспарда. Жалпы мемлекет бойынша 3500 кәсіпорын бар, Украина алдағы жылы осы кәсіпорындардың мол бөлігін жеке бизнес өкілдері мен шет елдің инвесторларына жекешелендіру заңы аясында сатуды көздейді.

Дмитрий Яблоновский, Украина экономикалық стратегиялар орталығы директорының орынбасары:

- Украинада кіші приватизация жақсы нәтиже көрсете бастады. Кіші жекешелендіруге активы 250 млн гривеннен аспайтын нысандар жатқызылады. Жаңа заңның талабы бойынша жекешелендіруге кәсіпорын ғана емес қала, ауыл, елді мекендердегі коммуналдық мүліктер де енгізіледі. Демек жергілікті әкімшілік монша, салынбай қалған дүкен, ескі тұрғын үйлер, клуб, кафе нысандарын сатып жіберіп, оның орнына сол мекенге қажетті аурухана, балабақша мен мектеп құрылысына қосымша қаражат көзін табуға болады. 

«Жыл соңына дейін жекешелендіруден қазынаға түсетін қаражат 2 млдр гривенге дейін жетеді» деп болжайды сарапшылар. Алайда қараусыз қалған алып кәсіпорындарды сатып алатын инвесторлар жоқтың қасы.

«Себеп Украинадағы саяси тұрақсыздық», - дейді мамандар. 

Дмитрий Яблоновский, Украина экономикалық стратегиялар орталығы директорының орынбасары:

- Жекешелендіру» туралы жаңғыртылған жаңа заң үш мақсатты көздейді. Украинаға инвесторларды тартып, мемлекет бойынша 20 жуық ірі кәсіпорындарды сату. Сатылған нысандар сонда ғана модернизациядан өтеді бәлкім іске қосылады. Сөйтіп ел экономикасына пайда әкеледі. Екіншіден босқа қаңырап тұрған коммуналдық нысандарды да мемлекет жеке бизнес өкілдеріне сатып жіберу арқылы, қоғам мен экономикаға пайдасын тигізе алады. Реформа көздейтін және бір мақсат –жемқорлықпен күрес. 

Мемлекеттік нысандарды сатумен мемлекеттің мүлік туралы арнайы қоры айналысады. Барлық мемлекеттік нысандар тек аукцион арқылы сатылады. Болашақта 8 мыңнан 12 мыңға дейін коммуналдық мүлікті саудалау жоспарда бар.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Михаил Мищенко

Хабар 24 телеарнасы