383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда әлемдегі ірі кітап көрмесі өтіп жатыр

  • 731
  • UPD: 10:00, 16.10.2018
Германияда әлемдегі ірі кітап көрмесі өтіп жатыр

Майндағы Франк-фурт қаласында әлемдегі ең ірі кітап көрмесі өтіп жатыр. Биыл бұл шараға 110 елдің баспа-ханалары қатысып отыр.

Қазақстан осы көрмеге оқулықтар, балалар әдебиеті мен жаңа басылымдар апарды. 

Франкфурттегі кітап көрмесіне еліміздің ең ірі төрт баспаханасы - «Алматы кiтап баспасы», «Фолиант», «Атамұра» және «Мектеп» қатысып отыр. Стендіміз шағын болғанымен оған әртүрлі жанрдағы алуан түрлі кітап қойылған. Абайдың қара сөздері, Мұхтар Әуезов және Мыржақып Дулатовтың шығармалары, сондай-ақ Алматы және қазақтың дәстүрлі аңшылығы мен оюлары туралы жинақтар бар.

Гауһар Саймасаева, «Алматы кітап баспасы» президенті: 

- «Алматы кітап баспасы» осы көрмеге 20-рет қатысып отыр. Жыл сайын жаңа басылымдарымызды әкеп жүрміз. Биыл белгілі ресей жазушысы Зенковичтің «Назарбаевтай болғым келеді» атты Президентіміздің жастық шағы туралы кітаптің тұсаукесерін өткіздік. Осы кітапқа үлкен қызуғышылық бар. Биылғы жәрмеңкенің басты тақырыбы - балалық шақ. Осы тақырыптағы жаңа басылымымыз бар. Жас жазушы Зәуре Төреханованың қаламынан шыққан Әминә көшпенділер елінде аты кітабі.  

Расында да қазақстандық стендте балаларға арналған әдебиет көп. Бірнеше тілге аударылған қазақ ертегілері мен аңыздары жұрттың үлкен қызуғышылығын туғызды. Астанамыз жөніндегі кітаптар да сұранысқа ие.

Жеңіс Қазанғапов, «Foliant» баспаханасы директорының орынбасары:

- «Астана архитектурасы», «Графика мен көркемсуреттерде бейнеленген Астана» - альбом түрінде басылған өте жақсы кітаптар. Онда бүкіл астаналық суретшілердің туындылары жиналған. Жас дарындарымыздың Астананы бейнелеген шығармалар бөлімі бар. Екінші кітап қаланың қарқынды дамуы туралы. Архитекторлар мен қарапайым тұрғындар осы жылдары Астананың қалай өскенін көре алады. 

Франкфурт жәрмеңкесі - баспаханалар, редакторлар, аудармашылар мен  иллюстраторлар үшін маңызды алаң. Қазақстандықтар да көп жылдан бері осы көрмеге қатысып жүр. Биыл өз өніміне қызуғышылықтың артқанын байқаған. Қонақтар арасында шетел оқырмандары, Германияда тұрып жатқан дипломаттар мен қазақтар бар. 

Клаус Рютер, көрмеге келуші: 

- Әдемі фотосуреттері бар әсем табиғатыңыз туралы кітаптар ұнаған. Астана мен Алматы туралы кітаптар да қызық. Елдеріңізге бару ниеті пайда болды. Өте қызық стенд.

Раиса Шарипова, қазақ диаспорасының өкілі: 

- Енді неміс тілінде де Абайдық қара сөздерін оқуға болатыны ұнады, бұл неміс оқырмандары үшін де жақсы жаңалық. Сондай-ақ қазақ оюялары туралы үш тілде жазылған кітап көңілімнен шықты. Еуропада тұратындардың көбісі қазақ оюлары туралы білмейді.  

70-кітап жәрмеңкесіне әлемнің 110 елінен 7 мыңнан астам адам қатысып отыр. Қалыптасқан ләстүр бойынша, көптеген романдардың тұсаукесері өтіп, белгілі жазушылар шеберлік сыныптарын жүргізген. Бұл күндері көрмеге 300 мыңдай адам келген. Бұл осы заманда да кітаптар өз маңызын жоғалтпағанының айқын айғағы.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Хабар 24 телеарнасы