384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп Түркияда журналистің жоғалуына жәйбарақат қарап отыр

  • 565
  • UPD: 13:04, 16.10.2018

АҚШ Президенті Дональд Трамп журналистермен сұхбаттасу барысында Сауд Арабиясының королі Салманмен жоғалып кеткен тілші Джамаль Хашагджи туралы тілдескенін айтты.

Президенттің айтуынша, Хашогги қарақшылардың құрбаны болуы мүмкін. Трамп мемлекеттік хатшы Майк Помпео Эр-Риядқа барып, корольмен жеке кездесетінін жеткізді. Айта кетейік, журналист 2 қазан күні Стамбулдағы Сауд Арабиясының елшілігіне кіргеннен соң ізім-ғайым жоқ болып кеткен.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Мен Сауд Арабиясының королімен сөйлестім. Салман Хашагджидің ісіне қатысты ешқандай ақпардың жоқ екендігін айтты. Король Түркия мен Сауд Арабиясы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қолдан келгендерін жасап жатқандарын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы