386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда жұртты тұтқынға алған адамның терроризмге қатысы тексерілуде

  • 361
  • UPD: 13:05, 16.10.2018

Германияның Кельн қаласында қылмысқа барған күдіктінің Ирак және Левант  лаңкестік ұйымымен байланыста болуы мүмкін деген ақпар бар.

Жергілікті БАҚ өкілдері солай хабарлайды. Әзірге ресми мәлімдеме жасалған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, кеше орталық вокзалдағы дәріханада белгісіз біреу адамдарды тұтқынға алды. Тәртіп сақшыларының ауқымды әскери операциясы кезінде барлық темір жол қатынасы мен метро қозғалысы тоқтатылып, жолаушылар оқшауланды. Күдіктінің қанша адамды кепілге алғаны белгісіз еді. Артынша 55 жастағы Сирия азаматы байланысқа шығып, билікке абақтыда отырған Тунистік танысын бостандыққа шығарыңдар деп талап қойды. Артынша кепілдегі адамның бірін бензин құйып өртемекші болды. Сол кезде полиция қару қолданды. Арнайы операция кезінде тағы екі адам жараланды. Кепілде болған әйел де жеңіл жарақат алыпты. Германияға екі жыл бұрын келген қүдікті бұрын ұрлық пен бұзақылық үшін бірнеше рет тұтқындалғаны белгілі болды. 

Кристоф Гиллес, Кельн полициясының баспасөз хатшысы: 

- Федералды полиция қызметкерлері вокзалды түгелдей қоршауға алды. Кейбір куәгерлер күдіктінің оқ жаудырғанын хабарласа, біреулер түтін шығаратын зат қолданғаны жайлы ақпарат таратты. Алайда бұл мәліметті әзірге құптай алмаймыз. Арнайы әскери операция сәтті аяқталды. Күдіктіні қолға түсірдік. Ол ауыр жарақат алды. Ал кепілде болған әйел босатылды.

Хабар 24 телеарнасы