386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гондурастан шыққан 2 мың мигрант АҚШ-ты бетке алды

  • 494
  • UPD: 14:12, 16.10.2018
Гондурастан шыққан 2 мың мигрант АҚШ-ты бетке алды

Гондурастан шыққан мигранттар керуені АҚШ-қа қарай жол тартты.

Қазір олардың саны 2 мыңға жуықтаған. Әсіресе әйелдер мен балалар көп. Бірі Мексикада пана таппақ болса, енді бірі АҚШ-қа кіру визасын рәсімдемек. Ал рұқсат алмағандар заңсыз жолмен де шекара аспақ. Босқындардың туып өскен жерінен бас сауғалап қашудың себебі - елдегі кедейлік пен зорлық-зомбылық. Статистикаға сәйкес, Гондурас халқының 64 пайызынан астамы жоқшылықта күн кешеді. Өткен аптада Вашингтон Гондурас, Сальвадор мен Гватемала президенттерін елдерінен ағылған келімсектердің мәселесін шешуге шақырған болатын. Есесіне Ақ үй осы елдердің экономикасының дамуына септігін тигізетін  қосымша инвестиция ұсынады деп уәде берген еді.

Хабар 24 телеарнасы