389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль Хамасқа әуе шабуылын жасауға бекініп отыр

  • 442
  • UPD: 16:01, 16.10.2018

Израиль мен Хамас арасындағы қарым-қатынас тіптен шиеленсті. Палестиндіктер оқ атуды тоқтатпай, шекараны бұзатын болса, Тель-Авив әуе шабуылын жасауға бекініп отыр.

Израильдің Газа аймағымен шекарасы қайта отқа оранды. Палестиндіктер жанғыш заттарды әуе шарларына тиеп, Израиль аумағына бағыттап жатыр. Отты шарлар тіпті Тель-Авивке дейін жеткен.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

- Хамас ескертуімізге құлақ аспай отыр. Егер бізге қарсы шабуылдарын доғармаса, қатал шара қолданамыз. Күшті соққылар жасауға дайынбыз. 

Алайда 15 жыл бойы оқшауда өмір сүріп жатқан Газа тұрғындары наразылығын доғаратын түрі жоқ. Олар өзге елдермен қарым-қатынасы тыйылып, аймақта жұмыс тапшылығы орнағанын алға тартуда. Осы себепті шекарадағы қоршауды бұзудан басқа амалымыз жоқ дейді.

Роман Бронфман, саясаттанушы:

- Газа тұрғындарының 40 пайызының тұрмысы кедейлік деңгейінен төмен. Әрине бұл наразылыққа әкелетіні анық. 

Газадағы жағдайды Мысыр да, Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы Палестина әкімшілігі де шеше алмай отыр.

Ахмад Шами, Палестина үкіметінің өкілі:

- Палестина үкіметі Газа аймағына халықаралық қаржылай көмек беруді доғару қажет деген ұсыныс айтты. Болмаса бізбен байланыс орнатып, тиісті көмек үйлестіру қажет дейді.

Қазір Израиль тарапы Газа аймағымен шекарасына қосымша әскери күш, танктер мен артиллерияны шоғырландырып жатыр. Әскери-әуе күштеріне ауқымды операцияға дайындалуға бұйрық берілді. Түні бойы мәжіліс өткізген Израиль үкіметі әскери қимыл тәсілдерін талқылаған. Тель-Авив жақын арада әуе операциясын жүргізуді жоспарлап отыр.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы