384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде халық Макронның зейнетақы реформасына наразылық білдірді

  • 178
  • UPD: 10:13, 19.10.2018
Парижде халық Макронның зейнетақы реформасына наразылық білдірді

Франция астанасы Парижде мыңдаған зейнеткер ереуілге шықты. Жиналған халық президент Эммануэл Макронның зейнетақы реформасына наразы.

Көп ұзамай шеруге тағы шамамен 15 мың адам қосылды. Зейнеткерлер бұрыннан бері жалақы мен зейнетақыға салынған салықтың өсуіне қарсылығын білдіруде. Билік өкілдерінің айтуынша, қаражат әлеуметтік қамсыздануға жұмсалады. Ал қарапайым халық болса төленетін салықтың арқасында табыстары мен өмір сүру деңгейлері төмендегенін алға тартып отыр. Жақын арада әлеуметтік сақтандыру қорын қаржыландыру заңына еңгізілген өзгерістер парламентке ұсынылатын болады. Ал жергілікті билік 2019-2020 жылдары зейнетақы мөлшері бар жоғы 0,3 пайызға ғана өседі деп отыр.

Жизель Мари, зейнеткер:

- Онсыз да көңіл көншітпейтін зейнетақы мен жалақының 1,7 пайызын салық төлеуге жұмсаймыз. Ал байлардың жиған-тергені ескерусіз қалып отыр, олар өз даулетіне салық төлемейді. Бұл сонда қалай болғаны? Әділетсіздікке жол бермеу керек.

Хабар 24 телеарнасы