388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль Газа секторына танкілерін жіберді

  • 485
  • UPD: 15:21, 19.10.2018
Израиль Газа секторына танкілерін жіберді

Израиль билігі Газадағы ереуілдерге байланысты аймаққа ондаған танк жіберді.

Кеше елдің қорғаныс министрі Авигдор Либерман ХАМАС-тың әрекеттеріне қатаң жауап беруге бағытталған жоспарды жариялаған еді. Ал Израильдің қорғаныс әскері үкіметке басқа жоспар ұсынды. Ол бойынша лаңкестік ұйымдар Израильге шабуыл жасағанда ғана әскерилер аймаққа басып кіруге болады. Ел министрлеріне бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына тіс жармауға бұйрық берілді. Жалпы бұл шекара маңындағы шеру биыл наурыз айында басталған болатын.

Хабар 24 телеарнасы