386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гондурастық мигранттар керуені Мексика шекарасына жетті

  • 204
  • UPD: 15:22, 21.10.2018
Гондурастық мигранттар керуені Мексика шекарасына жетті

Гондурастан бір апта бұрын шыққан босқындар керуені Гватемала мен Мексика шекарасына жетіп, оны кесіп өтуге талпынуда.

Бірақ Мексика қауіпсіздік күштері оларға тосқауыл қойып, шекара маңында қақтығыстар орын алды. Ақпарға қарағанда, мигранттар саны 4 мыңға жуықтайды. Олардың арасында әйелдер мен балалар бар. Дегенмен ресми Мехико керуендегі әйелдер мен балаларды қабылдайтынын айтып отыр. Ал өз елінде зорлық-зомбылық пен қайыршылықтан қашқан келімсектер мұндай шешімге қарсы. Осыған байланысты Гватемала мен Гондурас тарапы келіссөз жүргізетін болып шешті.

Хабар 24 телеарнасы