386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамптың сөзі Гондурастан шыққан босқындарға тоқтау болды

  • 455
  • UPD: 14:52, 22.10.2018

13 қазанда Гондурастың Сан-Педро-Сула қаласынан шыққан мигранттардың керуені Гватемала мен Мексика шекарасына жетті.

Жол бойы қосылып отырған босқындардың саны 5 мыңнан асқан. Олардың 3 мыңы еліне кері қайтуға бел буды. Оған Ақ үй басшысының мәлімдемесі себеп болды. Дональд Трамптың айтуынша, келімсектер шекара асу үшін алдымен  Мексикадан саяси баспана сұрау керек. Өзге жағдайда АҚШ аумағына кіруге рұқсат берілмейді. Жиналғандарды тарату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданған. Алайда өз елдеріндегі зорлық-зомбылықтан, саяси тұрақсыздық пен экономикалық қиыншылыққа тап болғандардың бір бөлігі Мексика аумағына кіріп үлгерген. Ал кейбіреулері үрмелі қайықпен өзен арқылы өтпек. Қазір Гватемала мен Мексика шекарасын әскерилер күзетіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы