389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия қаза тапқан Хашагджидің қалыңдығын өз қорғауына алды

  • 383
  • UPD: 14:32, 22.10.2018
Түркия қаза тапқан Хашагджидің қалыңдығын өз қорғауына алды

Түркия билігі саудиялық оппозициялық журналист Джамаль Хашагджидің қалыңдығы Хатидже Дженгизді мемлекеттің қорғауына алды.

Бұл туралы бірқатар шетелдік басылымдар хабарлап жатыр. Енді ол қауіпсіздік Басқармасы қызметкерлері мен полицейлердің бақылауында болады. Естеріңізге сала кетейік, Хашагджи 2 қазанда Стамбулдағы Сауд Арабиясының консулдығына кіріп, қайта үйлену туралы құжатын алмақшы болған. Содан бері оны ешкім көрмеген. Оның жоғалып кеткені туралы қалыңдығы хабарлаған. Саудиялық билік журналистің қаза тапқанын жариялағанымен, денесі әлі күнге дейін табылған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы