384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кипрде соққан торнадо тұрғындарды жарықсыз қалдырды

  • 633
  • UPD: 13:05, 23.10.2018

Кипр астанасы Никосияда сұрапыл торнадо соқты.

Құйынның биіктігі 200 метрге дейін жеткен. Табиғат апатынан өңірде электр желілері үзіп, тұрғындар жарықсыз қалды. Ағаштар құлап, үйлердің шатырлары қирап, баспаналардың тас талқаны шықты. Әзірге мерт болғандар мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Қазір мамандар зардап шеккен аймақты қалпына келтіре бастады. Баспанасынан айырылғандар мемлекет қаражаты есебінен уақытша қонақүйге орнықты. Қазір құйыннан келген шығын мөлшері есептеліп жатыр. Жергілікті билік әр зардап шеккен отбасына 2 мың еуро бөлінеді деп уәде етті. Соңғы рет Кипрде мұндай жойқын құйын 2009 жылы болған еді.

Хабар 24 телеарнасы