380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда әлемдегі ең ұзын көпір ашылды

  • 353
  • UPD: 17:38, 23.10.2018

Қытайдың оңтүстігінде әлемдегі ең ұзын теңіз көпірі ашылды. Ол 55 шақырымды құрайды, ал салмағы 400 мың тонна.

Ашылу салтанатына Қытай Халық Республикасының басшысы Си Цзиньпин келді. Жаңа көпір Гонконг, Чжухай және Макаоны байланыстырады.

Сарапшылардың айтуынша, бұл нысан аймақтағы экономика мен туризмнің дамуына зор үлес қоспақ. 2030 жылға қарай оның үстімен күніне 29 мың көлік жүріп өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, көпір 2009 жылы салына бастады, оған мемлекет қазынасынан 20 миллиард доллар бөлінген болатын.

Хабар 24 телеарнасы