387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мыңдаған аргентиналық елдегі бюджет жобасына қарсы шықты

  • 350
Мыңдаған аргентиналық елдегі бюджет жобасына қарсы шықты

Буэнос-Айресте келер жылға арналған бюджет жобасына қарсы наразылық акциясы өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласты.

Акцияға қатысқан ондаған адам тұтқынға алынды. Шерушілер тәртіп сақшыларына тас пен таяқ лақтырған. Оған қарсы шара ретінде полицейлер көз жасаурататын газ, резеңке оқ пен су атқыш қолданған. Қақтығыс кезінде акцияға қатысушы екі адам мен тоғыз тәртіп сақшысы зардап шекті. Наразылық акциясы Аргентинаның Конгресі ғимаратының алдында өткен. Оған мыңдаған адам қатысты. Айта кетерлігі, әлеуметтік салаға арналған мемлекеттік шығындарды қысқартуға бағытталған бюджет жобасы көпшіліктің сынына ұшырады. Ал Аргентина билігі болса, мұндай шара елдегі бюджет дефицитін қысқарту үшін қажет дейді. Бұған дейін қаржы дағдарысы мен песоның құлдырауына байланысты Аргентинаның Орталық банкі пайыздық мөлшерлемені 60 процентке көтерген.  Сарапшылардың пікірінше, биылғы инфляция 42 пайызға дейін жетуі мүмкін.

Вилма Риполи, наразылық акциясына қатысушы:

– Бюджеттің бұл жобасы халыққа арналмаған. Ол біздің мүддемізді ескермейді. Зардабын әрбір адам тартуда. Кәсіпорындар жабылып, жұмыс орындары қысқартылып жатыр. Барлығы көз алдымызда тоқырап барады.

Хабар 24 телеарнасы