384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Facebook компаниясы жауапқа тартылады

  • 715
  • UPD: 13:53, 26.10.2018
Facebook компаниясы жауапқа тартылады 24 Канал

Фейсбук әлеуметтік желідегі қолданушылардың жеке мәліметтері таралғаны үшін Ұлыбритания билігіне 645 мың АҚШ доллар көлемінде айыппұл төлемек.

Оған Cambridge Analytica британдық компаниясында болған жанжал себеп. Белгілі болғандай, 2007-2014 жылдар арасында Фейсбук 87 млн желі қолданушысының рұқсатынсыз олардың жеке мәліметтерін аталмыш компанияға тапсырып, Ұлыбританияның құпия ақпаратты қорғау заңнамасын бұзған. Ал Cambridge Analytica қолданушылардың саяси көзқарастарын анықтап талдау жасаған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл АҚШ-та өткен президенттік сайлау мен 2016 жылы өткен Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығу референдумының нәтижесін шығару үшін жасалынған. Болжам бойынша, саяси консалтинг қызметін көрсетумен айналысатын бұл компания Нигерия, Кения, Чехия, Үндістан мен Аргентинада өткен барлығы 200-ден аса сайлауалды науқанға қатысқан. Компания басшысы тағылған айыпты мойындамай отыр. Ал Facebook басшысы Марк Цукерберг АҚШ Конгресі алдында жауапқа тартылды.

Хабар 24 телеарнасы