380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан смартфон жасап шығаруда Қытайдан озуы мүмкін

  • 299
  • UPD: 17:45, 26.10.2018
Үндістан смартфон жасап шығаруда Қытайдан озуы мүмкін

Алдағы уақытта Үндістан смартфон өндірісі жағынан Қытайды басып озуы мүмкін.

Әлемдік ірі компаниялардың пікірінше, елдегі ішкі нарық кең, жұмыс күші арзан. Ал Қытайда бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Смартфон өндірісіндегі серпіліске Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди себепкер. Ол «Үндістанда жасалған» бағдарламасы аясында ондаған миллион жұмыс орнын ашуға уәде еткен еді. Қазір елде смартфон жасап шығаратын 120 компания бар, бірақ жүздеген миллион үндістандықтың гаджеті жоқ. Бұл жайт өз кезегінде кәсіпкерлердің қызығушылығын тудырып отыр.

Санджив Агарвал, өндіріс бөлімінің басшысы: 

- Нарықта тұрақтап қалу үшін тұтынушыларға сапалы өнім ұсына білуіміз қажет. Бағасы да арзан  болуы шарт. Осыған қол жеткізілгенде ғана нарықтағы ахуал жақсарады.

Хабар 24 телеарнасы