389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай мен Жапония арасында ынтымақтастық нығаяды

  • 663
  • UPD: 07:31, 27.10.2018
Қытай мен Жапония арасында ынтымақтастық нығаяды

Жапония премьер-министрінің Қытайға сапары барысында ондаған келісімге қол қойылды.

Қос тараптың айтуынша, осылайша қарым-қатынас жаңа деңгейге көтеріліп отыр. Енді екі елдің орталық банктері 30 миллиард доллар көлемінде айырбас жүргізе алады. Мұндағы мақсат – қаржы тұрақтылығын нығайтып, іскерлік белсенділікті ынталандыру.

Айта кетейік, соңғы жылдары Жапония мен Қытай арасындағы жер дауы күрт өршіп кеткен еді. Сапар барысында Синдзо Абэ Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі.

Синдзо Абэ, Жапония премьер-министрі:

- Бүгін Қытай мен Жапония компаниялары 50-ден астам келісімге қол қойды. Олар инфрақұрылым, көлік, денсаулық сақтау мен қаржы салаларын қамтиды. Бейжің мен Токио қарым-қатынасы жаңа белеске көтерілді деп айтуға болады.

Хабар 24 телеарнасы