386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексика аумағына өтпек болған гондурастық мигрант оққа ұшты

  • 264
  • UPD: 11:34, 29.10.2018
Мексика аумағына өтпек болған гондурастық мигрант оққа ұшты Известия

Гватемала мен Мексика шекарасында мексикалық аумаққа өтпек болған гондурастық мигрант көз жұмды.

Пренслибре порталының ақпары бойынша, Гондурас азаматы гватемалалық полиция қызметкерінің атқан резеңке оғынан қаза тапқан. Мигранттар көші Гватемаланың Текун-Уман қаласындағы Сучиате өзені арқылы халықаралық шекара көпірін кесіп өтпек болған. Қақтығыста әйелдер мен балалар және Гватемала ұлттық полиция қызметкерлері жарақаттанған. Айта кетейік, мигрант көшінің саны үш мың адамнан асып жығылады. Олар шаршап, әбден ашыққан. Сол себепті басым бөлігі үйлеріне кері қайтқан. Ал америкалық шекараға жеткендер тұтқындалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы