378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде жұқпалы емес аурулардың көрсеткіші артқан

  • 875
  • UPD: 14:50, 31.10.2018

БҰҰ жұқпалы емес дерттерден өлім көрсеткішінің өсуіне алаңдап отыр. Әрбір екі секунд сайын әлемде жүрек пен қан тамырлары аурулары, қатерлі ісік, диабет және психикалық сырқаттар ажалға әкеп жатыр.

Жыл сайын бұл дерттерден 41 миллион адам көз жұмады екен. Ауруға шылым, ішімдік пен семіздік себеп болған. БҰҰ Бас Ассамблеясының жұқпалы емес дерттердің алдын алу және онымен  күреске арналған жоғары деңгейдегі Кеңесі барысында ұйымға мүше елдердің делегациялары осы жағдайды түзетудің арзан әрі тиімді тәсілдерін талқылады. Нақты айтқанда, темекі бұйымдарына салық арттыруды, ішімдіктер жарнамасын шектеуді, азық-түлік құрамында қант, тұз және май үлесін азайтуды ұсынды.

Хабар 24 телеарнасы