389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пхеньян сынақ алаңдарын тексертуге дайындалып жатыр

  • 355
Пхеньян сынақ алаңдарын тексертуге дайындалып жатыр

Солтүстік Корея өзінің ядролық және зымырандық сынақ алаңдарын халықаралық бақылаушылардың тексеруіне дайындауға кірісті.

Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрі Чон Кён Ду мен АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттистің Вашингтонда кездесуі барысында мәлім болды. Ал құпия мәліметке Оңтүстік Корея барлау қызметі қол жеткізген. Алайда ресми Пхеньян бұл ақпарды растаған жоқ. Еске сала кетейік, бауырлас екі ел басшылары биыл 3 рет кездесіп, Корей түбегін ядролық қарудан азат аймақ ету және қарулы қақтығыстың алдын алу туралы уағдаластыққа қол жеткізген. Қыркүйек айында өткен соңғы саммит барысында екі мемлекеттің Қорғаныс министрлері әскери салада келісімге қол қойды. Оған сәйкес, Пхеньян Тончханнидегі зымыран полигоннын жауып, Йонбёндегі ядролық сынақ алаңын жоюға келісті. Ал Оңтүстік Корея АҚШ-пен ірі әскери жаттығуларын тоқтатуға уәде етті. 

Хабар 24 телеарнасы