386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-қа қарай екінші мигранттар керуені аттанды

  • 422
АҚШ-қа қарай екінші мигранттар керуені аттанды Sputnik Грузия

АҚШ-қа қарай жаңа мигранттар керуені жолға шықты.

Бұл жолы босқындар Сальвадор елінен аттанды. Ақпарға қарағанда 300 адамнан тұратын керуенге тағы осыншама адамнан құралған екінші топ қосылмақ. Жаңа керуен ішінде әйелдер мен балалар да көп. Әзірге жергілікті биліктің оларды тоқтатуға қандай-да бір әрекет жасағаны туралы ақпар жоқ. Ал өткен айдың ортасында Гондурастан аттанған мигранттар керуені Мексика шекарасынан өтіп, АҚШ-тың оңтүстік штаттарына қарай бет алған. Осыған байланысты бірер күн бұрын Президент Дональд Трамп бұл мигранттарды ел аумағына өткізбеу үшін шекара маңына 15 мыңға жуық жауынгерді орналастыратынын жеткізді. 

– Президент Дональд Трамп мырза, біз қарапайым еңбекшіл сальвадорлықтармыз. Сондықтан бұл керуенге қатысты көзқарасыңызды өзгертуіңізді сұраймыз. Мұнда сіз ойлағандай қылмыскерлер жоқ.

– Мен АҚШ президентінен бізді қолдауға шақырамын. Біз Құрама Штаттарға ұрлық жасау үшін емес, адал еңбегімізбен ақша табу үшін бара жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы