386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұл прокуратурасы: Хашоггидің денесін бөлшектеп, жойып жіберген

  • 415
  • UPD: 11:43, 01.11.2018
Ыстамбұл прокуратурасы: Хашоггидің денесін бөлшектеп, жойып жіберген vesti.ru

Журналист Джамал Хашогги Сауд Арабиясының Түркиядағы консулдығына кіре салысымен тұншықтырылып өлтірілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Содан кейін денесі бөлшектеліп, жойылған. Мұндай мәлімдемені Түркия тарапы өзінің осы іске қатысты алғашқы баяндамасында жариялады. Алайда Анкара оған нақты дәлелдер келтірген жоқ. Ал «Вашингтон пост» газеті публицисінің өлімі әлі қайшы пікірлерге толы. Түркия билігі журналист өлімі үшін Сауд Арабиясы биілігін тікелей айыптап отырған жоқ. Ресми Эр-рияд та журналистің қазасына король отбасының қатысы жоқ екені айтып бағуда. Бірақ кеше Түркия билеуші партиясының бір өкілі Хашогги Сауд Арабиясы басшылығының нұсқауынсыз өлтірілуі мүмкін емес деген пікір білдірді. Тергеу әлі жүріп жатыр. Бірақ журналистің өлі денесі әлі табылмай жатыр.

Хабар 24 телеарнасы