385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғарыштық «Кеплер» телескопы өз жұмысын аяқтады

  • 456
  • UPD: 10:56, 01.11.2018
Ғарыштық «Кеплер» телескопы өз жұмысын аяқтады

Ғарыштық «Кеплер» телескопы ресми түрде өз жұмысын аяқтады.

Бұл туралы NASA аэроғарыштық агенттігінде хабарлайды. «Кеплер» телескопы 2009 жылы Жер шары маңындағы орбитада басқа күн жүйесіндегі Жер шарына ұқсас ғаламшарларды – экзо-планеталарды анықтау мақсатында іске қосылған болатын. Ғарышта болған «Кеплер» телескопы 9 жыл ішінде 2 мың 681 экзо-планетаны анықтаған. Енді оның орнын ТЕСС басып отыр. Жаңа телескопты NASA осы жылдың сәуір айында іске қосты. Ал тамызда ТЕСС Жерге жаңа суреттерді түсіріп, қыркүйек айында жаңа 2 ғаламшарды анықтады. 

Хабар 24 телеарнасы