383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда жанармай бағасы қайта өсті

  • 534
  • UPD: 12:18, 02.11.2018

Грузия тұрғындары тағы да экономикалық қиындыққа тап болды, деп хабарлады «Хабар 24» тілшісі.

Алдымен ұлттық валюта құлдырап, азық-түлік қымбаттады. Енді бензин мен дизель бағасы шарықтады.

Грузияда жанармай бағасы қайта өсті. Елдегі жағдай ең алдымен көлік жүргізушілерінің қалтасына салмақ салды.

Биыл бензин мен дизельдің бағасы шамамен 15 центке қымбаттаған. Мамандардың айтуынша, ол әлі де өседі. Бұл өз кезегінде шетелден әкелінетін азық-түлік, дәрі-дәрмек пен өзге тауарлардың бағасына әсер ететіні анық. Әлемдік нарықта мұнай бағасы арзандаса да Грузияға әсер етпей тұр. Жанармай мұнда үнемі қымбат.

Вахтанг Чарая, ТМУ сараптау мен болжау орталығының жетекшісі:

- Ең қымбат кезінде мұнайдың бір баррелі 150 доллар тұратын. Сол кезде Грузияда бензин 2 лариден арзан еді. Қазір бағасы екі жарым лари. Девальвацияны ескерсек те, мұнша қымбат болмауы керек. Мұнай импортерлері өнімін еуропалық елдерден жеткізіп жүрміз дейді. Ал расында басым бөлігі Әзербайжан мен Ресейден әкелінеді. Бұл мұнайдың сапасы да, бағасы да төмен.

Сарапшылардың сөзіне сенсек, мұнай импортерлері бағаны қолдан жасап, өз бетімен көтеріп жүр. Олардың пайымдауынша, бұл мәселені шешу үшін үкімет қалай да араласып, мұнай өнімдерінің саудасын реттеуі керек.

Авторы: Татия Джанибегашвили

Хабар 24 телеарнасы