384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та жалған жаңалықтар жазылған журналдар сатылады

  • 399
  • UPD: 15:19, 02.11.2018
АҚШ-та жалған жаңалықтар жазылған журналдар сатылады

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тек жалған жаңалықтарға толы журналдарды сататын дүңгіршек ашылды.

Ұйымдастырушылар бұл арқылы адамдардың назарын «өтірік жаңалықтарды» тарату мәселесіне аударуды көздеп отыр. Себебі, елде конгресске сайлау уақыты жақындаған сайын оның өзектілігі арта түскен. Ал дүңгіршек қожайыны, жергілікті баспагер Кайл Поп мұндағы басылым тақырыптары жалған болғанымен, олардың ішкі мазмұны пайдалы екенін айтады.

Кайл Поп, Columbia Journalism Review журналының баспагері:

- Дүңгіршекте журналдардың тақырыптарының бәрі өтірік. Бірақ оның ішінде осы жалған жаңалықтарды анықтау мен оған қатысты сезімді қалай тежеу жолдары жазылған. Мысалы, адам мұндай жаңалықты кездестіріп жатса, олардың қайдан шыққанын бір сәт ойлануы керек.

Хабар 24 телеарнасы