384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Brexit. Еуроодақ Лондонда өкілдігін ашады

  • 230
  • UPD: 17:14, 04.11.2018
Brexit. Еуроодақ Лондонда өкілдігін ашады

Еуроодақ Brexit-тен кейін Лондонда өкілдігін ашады. Онда 29 маман жұмыс істейді.

Би-Би-Си телеарнасының хабарлауынша, бұл топ елшілік емес, Еуропалық сыртқы байланыс қызметінің бөлімшесі, яғни делегация ретінде қызмет атқарады. Тағы 5 маман Солтүстік Ирландияға аттанады.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылдың маусым айында жүргізілген референдумда Ұлыбритания халқының 52 проценті елдің еуроодақ құрамынан шығуын қолдап дауыс берген болатын. Корольдік одақтан ресми түрде 2019 жылдың наурыз айында бөлінеді. Ал қазір Лондон мен Брюссель осы мәселеге қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы