387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде корридаға қарсы шеру өтті

  • 253
  • UPD: 07:44, 06.11.2018
Перуде корридаға қарсы шеру өтті

Перу астанасы Лимада коррида фестивалі кезінде наразылық шарасы өтіп, оның арты полициямен қақтығысқа ұласты. 

Акцияға қатысушылар биіліктен бұқалармен сайысты өткізуді тоқтатуды сұрап отыр. Олардың пікірінше, коррида заңмен рұқсат етілген қатыгез әрекет. Ал ресми дерекке сүйенсек, Перуде Латын Америкасындағы өзге елдермен салыстырғанда коррида жиі өтеді екен. Мұнда жылына 500 сайыс ұйымдастырылады. 

Алекс Торрес, шеруші:

- Перу - жануарларды қатыгездікпен азаптап қинайтын сегіз елдің бірі. Мұнда оны өнердің бір түрі деп санайды. Бірақ біз бұл әрекетті тоқтатуды талап етеміз.

Хабар 24 телеарнасы