384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда инфляция деңгейі төмендемей тұр

  • 425
  • UPD: 12:37, 06.11.2018

Түркия мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас жақсара бастағанымен әзірше оның түрік экономикасына әсері айтарылықтай деуге келмейді.

Бұл туралы шетел ақпарат құралдары жазып жатыр. Себебі, Түркияда қазан айында инфляция деңгейі шарықтап, тұтынушылар бағасы өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 25 пайызға өскен. Бұл соңғы 15 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Салдарынан тұрғындардың күн көрісі қиындаған. Мысалы, өткен айда киім-кешек бағасы 13 пайыздай өссе, үй жиһазының құны 38 процентке артқан. Сарапшылардың айтуынша, инфляцияға тамыз айында АҚШ-пен арадағы қарым-қатынастың шиеленісуінен түрік лирасының құнсызыдануы себеп. 

Дилбер Ияг, кәсіпкер:

- Тұтынушылардың сатып алу қабілеті тым төмендеп кетті. Сауда-саттық жоқ. Мен де ғана емес қасымдағы газет-журнал, жеміс-жидек және өзге де дүңгіршектерде тура осындай жағдай.

Джеймс Хьюз, сарапшы:

- АҚШ пен Түркия арасындағы сауда соғысын естен шығармайық. Әлемдегі ең алып экономикамен қақтығысқа бару әрине инфляцияға әсер етпей қоймасы анық. Мәселелер де осыдан туындауда.

Хабар 24 телеарнасы