384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ташкент 2025 жылға дейін адам танымастай өзгермек

  • 726
  • UPD: 13:36, 11.11.2018

Тіпті Орталық Азиядағы ақылды қалалардың біріне айналады.

Бұл туралы көне шаһардың ұзақ жылдарға негізделген стратегиялық даму жобасын таныстыру барысында айтылды. «Бұл құжат Ташкенттің экономикасын көтеріп, қаланы жаңаша халықаралық деңгейге шығаратын ірі трансформациялық өзгерістерге негіз болмақ», – дейді жоба авторлары. Кешенді бағдарлама негізгі алты бағытқа бөлінген. Әкімшілік реформадан басталатын өзгерістер жасыл қаланың экологиялық ахуалын сақтап қалумен аяқталады. Әсіресе көне шаһардың тұрғын-үй қоммуналдық шаруашылық жүйесін жақсартуға ерекше мән берілген.  «Стратегиялық жоспарды түзу барысында бірқатар шетелдік сарапшылар мен көршілердің тәжірибесіне жүгіндік», – дейді мамандар. Жобадағы ең үлкен және ауқымды жұмыс ол «Ташкент Сити» қалашығы болмақ. Мұнда заман талабына сай хайтек стиліндегі зәулім ғимараттар бой түзеді.

Темур Абдукаюмов, жоба менеджері:

- Ташкентті 2025 жылға қарай қандай қала ретінде көргіміз келеді деген тұрғыда алып қарайтын болсақ, онда халықтың 90 пайызға жуығының ойы бір жерге тоғысары анық. Біз қаламыздың заманауи болғанын қалаймыз. Оған қоса инвесторларға құшақ жая қарсы алып, тиісінше шетелдің қалталы азаматтарының бізге қуана келгенін қалаймыз. 

Хабар 24 телеарнасы