388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда лай көшкінінен 7 адам мерт болды

  • 454
  • UPD: 16:17, 11.11.2018
Индонезияда лай көшкінінен 7 адам мерт болды РИА Новости

Индонезияның Солтүстік Суматра штатында лай көшкіні жүріп, 7 адам опат болды.

Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлап жатыр. Ресми дерекке сүйенсек, апат Оңтүстік Ниас округінің тұрғындарын әбігерге салған. Лай көшкініне толассыз жауған жауын-шашын себеп. Қазір жергілікті билік аймақтан тұрғындарды шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы