389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорнияда өрттен қаза тапқандар саны 20-дан асты

  • 538
Калифорнияда өрттен қаза тапқандар саны 20-дан асты ИноСМИ

АҚШ-тың Калифорния штатындағы өрттен қаза тапқандардың саны 23-ке жетті.

35 адам із-түзсіз жоғалып, 3 өрт сөндіруші жарақат алған. Бұған дейін 9 кісінің ажал құшқаны хабарланған еді. Ресми дерекке сүйенсек, қызыл жалын 362 шаршы шақырым жерді күлге айналдырған. 7 мыңға жуық құрылыс нысаны өртеніп кетті.

Ақ үй басшысы Дональд Трамп орман өртіне байланысты Калифорния штатында төтенше жағдай жариялады. Қазір осы аймаққа федералдық көмек көрсетіліп жатыр. Жергілікті билік апатты аймақтан 150 мыңға жуық тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді.

Хабар 24 телеарнасы