386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда қатарынан 7 рет жарылыс болды

  • 418
  • UPD: 08:49, 12.11.2018
Үндістанда қатарынан 7 рет жарылыс болды

Үндістанның Чхаттисгарх штатындағы Канкер округінде 7 бірдей жарылыс болды.

Шабуыл жергілікті заң шығарушы органдарының сайлауына бір күн қалғанда жасалған.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, билік мұны лаңкестік деп танып отыр. Жарылыстан кейін содырлар полицейлерге оқ жаудырған. Қақтығыс салдарынан 1 тәртіп сақшысы жарақат алып, 1 лаңкес жер жастандырылды. Қастандық жасағандардың қалғаны қашып кеткен. Қазір осы жағдайға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы