387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нетаньяху Франциядағы сапарынан Израильге шұғыл оралды

  • 337
  • UPD: 11:58, 12.11.2018

Газа секторы мен Израиль шекарасындағы жағдай ушығып барады. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Хан Юнус қаласында арнай операциясының нәтижесінде бірнеше мәрте жарылыс болып, ХАМАС ұйымының 6 адамы қаза тапты.

Тағы 7 палестиндік жарақат алған. Израильдің әскери күштері жергілікті тұрғындарды бомбадан қорғану үшін арнайы жасалған жерде отыруын алдын ала ескертіп қойған. Палестиналықтар қарсыластарына жауап ретінде 10-ға жуық зымыранмен бомбалаған. Израиль жасағы оның екеуін жолдан қағып үлгерді. Аймақта қарулы қақтығыс болуына байланысты Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 100 жылды тойлауына орай Францияға кеткен Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху шұғыл елге оралуға бел буды.

Хабар 24 телеарнасы