388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гондурастан шыққан мигранттар АҚШ-қа таяп қалды

  • 496
  • UPD: 09:12, 12.11.2018
Гондурастан шыққан мигранттар АҚШ-қа таяп қалды

Мексика аймағына жеткен мигранттар керуені алған бетінен қайтпастан АҚШ-қа қарай бет алды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 6 жарым мыңнан астам келімсек шекара аспақ. Олардың 5 мыңы Гондурастан шыққандар. Қазір Керетаро штатына дейін жеткендер енді елдің солтүстік батысындағы Тихуана қаласына қарай жол тартты. АҚШ президенті Дональд Трамп шекарада әскерилермен қақтығысқа шыққан заңсыз мигранттар қамауға алынады деп сес көрсетіп, келімсектердің АҚШ аумағына баса көктеп кіруіне жол бермейтінін айтады. Мигранттар болса еңсесін түсірмейді. Олар діттеген мақсатына жетпеген жағдайда Мексикада қалуды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы