387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияның Кёльн қаласында карнавал маусымы ашылды

  • 337
  • UPD: 17:16, 12.11.2018
Германияның Кёльн қаласында карнавал маусымы ашылды

Ерекше шара жергілікті жұрт арасында «жылдың бесінші мезгілі» деген атауға ие болған.

Карнавал ақпан айына дейін жалғаспақ. Ашылу салтанатында түрлі костюмдер киген мыңдаған адам ән салып, би билеп, өнерлерін паш етті.

Айта кетейік, Кёльн карнавалы Германияда Октоберфест секілді танымал шаралардың бірі болып саналады. Жыл сайын оны тамашалау үшін миллионнан астам турист келеді. 

Уши, карнавал қатысушысы:

- Кельндегі карнавал – тамаша іс-шара. Оны сөзбен айтып жеткізу де оңай емес. Барлық қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлайды. Ғажап емес пе?!

Хабар 24 телеарнасы