387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада пицца әзірлеуден әлемдік рекорд жаңартылды

  • 539
  • UPD: 18:18, 13.11.2018

Аргентиналық аспаздар пицца жасаудан жаңа әлем рекордын орнатты. Олар еріктілермен бірге 12 сағаттың ішінде 11 мыңнан астам пицца дайындады.

Мұншама көп тағамға 3 тонна ұн, 2 мың литр су және 100 келі тұз жұмсалды. Ал тағамдарды сатудан түскен қаржы қайырымдылық мақсатта жұмсалатын болады.

Айта кетейік, алдыңғы рекордты итальян аспаздар орнатқан еді. Олар осы уақыт аралығында 10 мыңнан астам пицца дайындаған еді.

Хабар 24 телеарнасы