383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Меркель еуропалық қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды

  • 232
  • UPD: 08:47, 15.11.2018
Меркель еуропалық қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды

Еуропарламент депутаттары алдында сөз сөйлеген Германия канцлері еуропалық қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды.

Ангела Меркельдің айтуынша, Еуропа ұйымшыл болғанда ғана, әлемдік сахнада өз сөзін өткізуге қауһарлы болады. Қауымдастығын сақтап қалу үшін Еуроодақ дербестігін күшейтуі қажет. Сонымен қатар, Ангела Меркель ортақ еуропалық әскер құру туралы Франция президентінің ұсынысына өз қолдауын білдірген. 

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Маңызды шешімдерді тезірек дайындайтын Еуропалық Қауіпсіздік Кеңесін енгізуді  ұсындым. Әскери ынтымақтастығымызда үлкен табыстарға жеттік, бірақ нағыз еуропалық әскер құру бағытында еңбек етуіміз керек. Бұл әскер еуропалық елдер арасында жаңа соғыс басталмайтынын бүкіл әлемге көрсетер еді. Бұл НАТО-ға қарсы әскер болмайды, керісінше НАТО-ны толықтыратын күш болмақ, себебі Еуроодақ пен Солтүстік атлантикалық блок арасындағы өзара байланысқа ешкім күмән білдірмейді.

Хабар 24 телеарнасы