384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбритания Еуроодақтан шығу туралы келісім жобасын мақұлдады

  • 346
  • UPD: 14:24, 15.11.2018

Ұлыбритания Үкіметі Еуроодақтан шығу туралы келісім жобасын мақұлдады. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Тереза Мэй министрлер кабинетінің 5 сағатқа созылған қызу пікірталасынан кейін хабарлады.

Сонымен қатар Ұлыбритания үкіметі мақұлданған 585 беттік құжаттың мәтінін парламентте баяндауға уәде етті. Дәл осы уақыттта Брюсселде де Еуроодақ құрамында қалған 27 елдің өкілдері Брексит мәселесін кеңінен талқылаған болатын. Енді бүгін  Еуроодақ тарапынан басты келіссөз жүргізушісі Мишель БарньЕ Еуропалық кеңестің президенті Дональд Тускке Брексит бойынша барлық жағдайды мәлімдеуі тиіс. Ал сарапшылардың пайымдауынша, Британия парламентінің Тереза Мэйге сенімсіздік вотумын жариялауы әлі де ғажап емес.

Мишель Барнье, Еуроодақтың Brexit бойынша өкілі:

- Біздер Ирландиямен арадағы шекараға қатысты мәселенің шешімін таптық. Егер 2020 жылдың шілде айына дейін үлгермесек, өтпелі кезеңді бірлесе отырып ұзартуымыз мүмкін. Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан 2019 жылдың 29 наурызында шығады. Ал 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін ішкі нарықтағы жағдай мен еуропалық саясат, атап айтқанда оның міндеттемелері мен ережелері еш өзгеріссіз сол қалпында қалады деп келістік.

Хабар 24 телеарнасы