378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда әйел дәмханаға келушілерге тұзды қышқыл шашып жіберді

  • 338
  • UPD: 12:13, 18.11.2018
Францияда әйел дәмханаға келушілерге тұзды қышқыл шашып жіберді

Марсельде үй-күйсіз жүрген әйел қаладағы дәмхананың біріне келгендерге тұзды қышқыл шашып жіберген.

Салдарынан алты адам күйіп қалды.

Келеңсіз жағдай Марсельдегі Ескі порттың маңында Unic дәмханасында болған.

Ақпаратқа сәйкес, барлық зардап шеккен адамдар ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың қолдары, аяқтары мен беттері күйіп қалғандығын айтты. Дегенмен, жарақаттар жеңіл, зардап шеккендердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Келушілерге қышқыл құйып жіберген әйел ұсталды. Үйсіз-күйсіз жүрген жанды бұл аудан тұрғындары жақсы білетінге ұқсайды.  Әзірге полиция қылмыстың неліктен жасалғандығын анықтаған жоқ.  

Le Parisien

Хабар 24 телеарнасы