378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай мен АҚШ кесірінен APEC саммиті басты құжатсыз қалды

  • 420
  • UPD: 14:34, 18.11.2018
Қытай мен АҚШ кесірінен APEC саммиті басты құжатсыз қалды

Папуа – Жаңа Гвинея елінде Азия – Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастық саммиті тарихта алғаш рет қорытынды декларациясыз аяқталды.

Бұл туралы Reuters хабарлады.

Қытай Коммерция министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, ақырғы құжат орнына тек «төраға мәлімдемесі» жарияланады.

Ал Папуа – Жаңа Гвинея сыртқы істер министрінің айтуынша, декларация қабылданбауына Қытай мен АҚШ-тың аталған аймақтағы бақталастығы себеп болған.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы