384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропаның бірқатар елінде Facebook Messenger жұмыс істемей қалды

  • 353
  • UPD: 07:35, 20.11.2018
Еуропаның бірқатар елінде Facebook Messenger жұмыс істемей қалды AKKet

Дүйсенбі күні бірқатар елде Facebook Messenger қосымшасы жұмыс істемей тұрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Facebook Messenger қосымшасы АҚШ шығыс жағалауы уақыты бойынша сағат 14:57-ден бастап істемей қалды (23:57)», - делінген танымал интернет-ресурстарды қадағалап отыратын Downdetector сервисінің парақшасында. Мұндай жағдай әсіресе Польша, Ұлябритания және Франция елдерінде қатты байқалған. Одан бөлек Португалия, Италия, Грекия, Румыния, Венгрия, Нидерланды, Бельгия, Дания, Швеция, Норвегия тұрғындары да осы келеңсіздікті айтып шағымданған. 

Хабар 24 телеарнасы