384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда алғаш рет пілдерді емдейтін клиника ашылды

  • 341
  • UPD: 12:14, 20.11.2018
Үндістанда алғаш рет пілдерді емдейтін клиника ашылды

Уттар-Прадеш штатындағы Джамна өзенінің жанында орналасқан орталықта қолда болып, ауруға шалдықққан жануарлар қаралады.

Мысалы, 67 жастағы Сьюзи есімді піл иесінің қатыгездігінен тістерінің бәрінен айырылып, бір құлағы естімей қалған. Ал циркте өнер көрсеткен 49 жастағы Ашаның табаны іріңдеп, созылмалы ауруға айналған. Жалпы қазір емханада 22 жануар пана тапқан. Мамандар орталық сүтқоректілердің санын 50-ге дейін жеткізе алатынын айтады. Мұнда олар ем-дом қабылдап, науқасынан айыққан соң еркіндікке жіберіледі.

Картик Сатьянарян, Wildlife SOS орталығын құрушы:

- Бұл пілдерді қолға үйрету үшін түрлі қатыгез тәсілдер қолданылып, зорлық-зомбылық жасалған. Салдарынан жануарлардың денсаулығы сыр беріп, уақыт өте келе түрлі ауруға душар болған.

Хабар 24 телеарнасы