389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнамда автоцистерна аударылып, өрт шықты

  • 366
  • UPD: 12:47, 22.11.2018
Вьетнамда автоцистерна аударылып, өрт шықты russian.rt.com

Вьетнамда ішінде мұнайы бар автоцистерна аударылып, өрт болды.

Салдарынан алты адам қаза тапты. Бұл туралы Vietnam Plus хабарлайды.

Оқыс оқиға Биньфыок провинциясында болған. Автоцистерна басқа көлікпен соқтығысқан.

Нәтижесінде оқиға маңындағы 16 үй зақымданды.

Оқиға орнына 6 өрт сөндіру машинасы мен 65 өрт сөндіруші келді. Тергеу басталды.

Ақпарат көзі:: russian.rt.com

Хабар 24 телеарнасы