384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда бір топ оқушыны көлік қағып кетті

  • 384
  • UPD: 14:39, 22.11.2018
Қытайда бір топ оқушыны көлік қағып кетті Вестник Кавказа

Қытайда бір топ оқушыны көлік қағып кетті, қаза болғандар бар.

Қайғылы оқиға Ляонин провинциясындағы Хулудао қаласында болды. Магистральмен жүріп бара жатқан автомобиль кенеттен жолдың шетіне бұрылып, кетіп бара жатқан бір топ оқушыны қаққан. Қытайдың орталық телевидениесінің мәліметі бойынша, 5 адам көз жұмған, тағы 18-і зардап шеккен. Автомобиль жүргізушісі ұсталды. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы