389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зимбабведе ұшақ апатынан фин азаматтары қаза тапты

  • 359
  • UPD: 19:50, 25.11.2018
Зимбабведе ұшақ апатынан фин азаматтары қаза тапты

Зимбабве елінде ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан 4 адам қаза тапты. Олардың барлығы да Финляндия азаматтары.

Оқиға Масвинго қаласы маңында болған. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі жариялады. Апаттың себебі әзірге белгісіз.

Ресми дерекке сүйенсек, марқұмдардың қатарында елдегі ірі компаниялардың басшылары бар. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жұма күні туристер толы моторлы ұшақтың құлап түскені жарияланған еді. Қазір осы жайтқа қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы