386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда британдық күзет компаниясының базасына шабуыл жасалды

  • 273
  • UPD: 09:13, 29.11.2018
Ауғанстанда британдық күзет компаниясының базасына шабуыл жасалды

Тәліптер Ауғанстан астанасыдағы британдық күзет компаниясының базасына шабуыл жасап, 10 адам қаза тапты.

Тағы 19-ы жарақат алды. Содырлар алдымен базаның кіреберіс қақпасының алдында көлікті жарып, содан кейін ішке кірді. База ауласында атыс басталып, қауіпсіздік күштері лаңкестерге тойтарыс берді. Шабуылды «Талибан» радикалды қозғалысы мойынына алды.

Айта кетейік, осы оқиғаға дейін президент Ашраф Ғани Ауғанстан бойынша Женевада өтіп жатқан конференцияда тәліптермен келіссөз жүргізуге дайын екендігін мәлімдеген еді.

Хабар 24 телеарнасы