386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияның әуе қорғанысы зымыран шабуылына тойтарыс берді

  • 563
  • UPD: 15:08, 30.11.2018
Сирияның әуе қорғанысы зымыран шабуылына тойтарыс берді

Сирия астанасы Дамасктің оңтүстік-батыс бөлігіне зымырандық шабуыл жасалып, жергілікті әуе қорғаныс күштері оған тойтарыс бере алды.

«Әл-Хадат» теларнасының хабарлауынша, шабуылды израильдік ұшақтар жүзеге асырған. Олар ирандық әскери нысандарға соққы беруді көздеген. Шабуылға С-200 кешенімен тойтарыс берілген. Алайда Изриаль тарапы бұл соққыларға еш қатысы жоқ екенін айтып отыр.

Еске сала кетейік, Израиль әуе күштері Әл-Кисва қаласының шетіндегі бұл әскери нысандарды сәуір айында да атқылаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы