384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аляскада қуатты жер сілкінісі болды

  • 320
  • UPD: 11:34, 01.12.2018
Аляскада қуатты жер сілкінісі болды

АҚШ-тың Аляска штатында 7 балдық жойқын жер сілкінісі болды.

Зілзала ошағы Анкоридж қаласынан солтүстікке қарай 13 шақырым жерде, 35 шақырымдай тереңдікте тіркелді. Алғашқы жер сілкінісінен кейін 40-қа жуық дүмпу жүрді. Әзірге қаза тапқандар мен жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бірақ шаһардағы көптеген үй мен ғимарат және инфрақұрылым қирап, бүлінген. Апат аймағындағы өңірде 20 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалды. Тасжолдар жабылып, теміржол қозғалысы тұралаған. Штатта төтенше жағдай режимі енгізілді. Бірақ зілзаладан кейін төнген цунами қаупі сейілді. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Аргентинада «үлкен жиырмалық» саммитіне қатысып жатқан Президент Дональд Трамп штатқа барлық көмек көрсетілетінін жеткізді. Еске сала кетейік, соңғы рет Аляскада жойқын зілзала 1964 жылы болған еді. 9,2 балдық жер сілкінісі аймақты жермен-жексен етті.  

Хабар 24 телеарнасы