386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгия тұрғыны ортағасырлық диірменді жеке үй қылып алды

  • 499
Бельгия тұрғыны ортағасырлық диірменді жеке үй қылып алды

Бельгиялық архитектура маманы ортағасырлық диірменді өзіне жеке үй етіп алды.

Көне диірмен үйдің автономды электр стансасы бар. Олонь-Сюр-Жее қаласының маңындағы диірмен 12-ғасырда салынған. Таң қаларлығы, диірмен бүгінгі күнге дейін жақсы сақталған. Ғимарат елдің тарихи мұраларының тізіміне енген. Әрине диірмен ұн айналдыруын әлдеқашан тоқтатқан. Дей тұрғанмен, қазір электр жарығын өндіруге қауқарлы. Айрықша үйдің иесі, осылайша тұрмысқа қажет жарықты өзі-ақ өндіреді. Кішігірім бұлақтың өзінен диірмен-үйдің электр-стансасы сағатына 7 мың киловат өндіреді. Бұл екі үйдің шаруашылығын дөңгелетуге жеткілікті. Ал жауынды күндері қуат күші 5 есе артады. Жалпы еуропалық жоспарға сәйкес, Бельгия екі жылдың ішінде баламалы энергия қолданысын 13 процентке жеткізуді көздеп отыр. Осы көктемде Бельгия билігі елдегі барлық атом электр стансаларын 2025 жылға қарай жабатынын мәлімдеген.

Хабар 24 телеарнасы