378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей Айда ғарыш базасын құрады

  • 826
  • UPD: 18:08, 01.12.2018

Ресей 2036-2040 жылдарға таяу Айда өзінің ұлттық базасын құратын болады. Бұл туралы «Роскосмос» пен Ресей Ғылым академиясының бірлескен мәлімдемесінде жарияланды.

Алайда құжатта ресейлік база туралы толық ақпарат берілмеген. Бірақ жобаға қарағанда аталған нысанда ғарышкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе, Жерді бақылайтын орталық, байланыс және энергиямен қамтамсыз ететін құралдар, түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған жабдықтар болатыны айтылған. Сондай-ақ базаның жанында астрономиялық обсерватория салынады. Жалпы оны салу 2025 жылы Айға базалық модуль ұшырудан басталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы